Америка Құрама Штаттары Вьетнам тауарларына 20 пайыз тариф жарияламақ. Мұны президент Дональд Трамп мәлімдеді .

Сәуірде Америка басшысы үндіқытайлық елден жеткен өнімдерге баж салығын 46 пайызға дейін көтеретінін ескерткен еді. Ол уәде орындалмады. Сондықтан Вашингтонның оныншы ірі сауда серіктесімен арадағы шиеленісі біршама жеңілдеп отыр. АҚШ — Вьетнам үшін үлкен экспорттық нарық. Сондай-ақ, екі елдің өсіп келе жатқан экономикалық, дипломатиялық, әскери байланыстары Вашингтон үшін стратегиялық қарсыласы Қытайдан маңызды қорғаныс саналады. Дегенмен, Вьетнам бүгінде екі державамен де тығыз байланысты сақтауға тырысып отыр.

Арыстан Рысбек