2025 жылы 16 киножоба мемлекеттік қаржыландыруға ие болады. Бұл жобалар Ведомствоаралық комиссияның шешімімен іріктелді. Комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесі ұсынған қорытынды негізінде жүргізді.
Конкурсқа анимациялық, деректі және көркем фильмдер санатында 444 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 357 жоба сараптамаға жолданды. Екінші кезеңге 128 сценарий мен сценарийлік жоспар өтті. Қорытындысында 99 жоба питчингке қатысу мүмкіндігіне ие болды.
9–12 маусым күндері Алматы қаласында өткен питчинг кезеңі Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл — іріктеу үдерісінің ашық әрі әділ өткенінің айғағы.
Айта кетейік, қаржыландыру туралы соңғы шешімді Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.