Астанада зейнетақыға қатысты заңсыз схема әшкере болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылы елорда тұрғыны WhatsApp қосымшасында жалған хабарлама жариялаған. Ол азаматтардың назарын аударып, зейнетақы жинағы жеткілікті шегіне жетпегендерге БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметін ұсынған.
"Алаяқ зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған. Жалпы 17 қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген", — деп жазылған хабарламада.
Сотта күдікті кінәсін мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген. Ол сот үкімімен сотталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!