Алматы қаласында таулы аймақтағы су қоры санатына жататын жерлер заңсыз жеке меншікке берілген. Құны 54 миллиард теңге болатын жер мемлекеттік меншігіне қайтарылды, деп хабарланды Бас прокуратураның ресми сайтында.

"Алматы қаласы прокуратурасы таулы аймақтағы жерлерді қайтарды. "Международная ассоциация клубов" ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды. Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуге тиіс.

2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды", — делінген хабарламада.