Қазақстан әскері әлемдік әскери қуат рейтингі – Global Firepower 2026 бойынша 145 елдің ішінде 58-орынға жайғасты. Сарапшылар елдің әскер санын, техникасын, авиациясын, қаржылық мүмкіндігін және мобилизациялық ресурсын ескерген, деп хабарлайды Egemen.kz.


Есепке сәйкес, Қазақстанның жалпы әскери әлеуеті шамамен 300 мың адамды құрайды. Оның ішінде 110 мың – белсенді әскери қызметкер, 135 мың – резервтегі сарбаздар, ал 55 мың – әскерилендірілген құрылымдар қызметкерлері.

Елдің әскери бюджеті 5,8 миллиард доллар деп бағаланған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 54-орында тұр.

Әскери техника құрамында 168 әуе аппараты бар, оның ішінде 37 жойғыш ұшақ, 13 соққы беруші ұшақ және 72 тікұшақ бар. Құрлық әскерлерінде 353 танк, 17,4 мыңнан астам әскери техника және 287 реактивті жүйе бар.

Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін

Сонымен қатар Қазақстан аумағы жағынан әлемде ірі мемлекеттердің бірі болып, 9-орында тұр.

Жалпы әскери қуат индексі 1.0433 деп бағаланған. Рейтингте индекс неғұрлым нөлге жақын болса, елдің әскери күші соғұрлым жоғары деп есептеледі.

Ал алғашқы бестікке АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Корея кірген.