Көктемнің үшінші айында ел азаматтарын бірқатар өзгеріс күтіп тұр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалады?

Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:

  • бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні болады;
  • алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Мамырда Қазақстанда қандай мерекелер тойланады?

Мамырда бірден бірнеше мемлекеттік мереке атап өтіледі:

  • 1 мамыр (жұма) — Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр (бейсенбі) — Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр (сенбі) — Жеңіс күні.

Сонымен қатар, 2026 жылы Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді. Десе де нақты күндері өзгеруі мүмкін.

Негізгі ҰБТ басталады

Негізгі ҰБТ-ға 11-25 сәуір аралығында өтініш қабылданды. Тест 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.

instagram.com/testcenterkz

Оқу жылы аяқталады

Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға созылады. Ол 2026 жылы 25 мамырда аяқталып, одан кейін жазғы демалыс басталады.

depositphotos.com

Биыл мектеп бітіру кешін өткізуге бола ма? Министрлік қатаң талап қойды

1-сыныпқа құжат қабылданады

Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделеп, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны басталуын 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Биыл құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Министр Жұлдыз Сүлейменова (@ministr_suleymenova_zhuldyz)

Алматы — Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ

1 мамырдан бастап Алматы — Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылады. Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы аптасына екі рет рейстер орындайды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

Черногория Қазақстан азаматтарына уақытша визасыз режим енгізді. Азаматтар 1 мамырдан 1 қазанға дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, шекараны кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады. Алайда ұзақ сапарлар үшін виза рәсімдеу қажет.

depositphotos.com

Қажылық — 2026

Рейстер еліміздің ірі мегаполистері — Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Жидда, Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған. Биылғы қажылық сапары 15 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

depositphotos.com

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget