АҚШ-та жыл басынан бері 700-ден аса компания қаржылық дағдарысқа ұшырады.
Бұл кейінгі 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар бұған инфляцияның өсуі, сондай-ақ Трамп әкімшілігінің жаңа сауда саясаты аясында енгізілген импорттық тарифтердің артуы себеп дейді. Өйткені көптеген кәсіпорындар жеткізу қызметіндегі үзілістер мен өндірістік шығынның күрт көбеюіне тап болды. Ең көп зиян шеккен сала — өнеркәсіп. Биыл 110 компания жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан 70 мыңнан астам америкалық жұмыссыз қалды.