Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданында 22 әлеуметтік нысан көмірмен жылытылады.

Олардың қатарында мектеп, медицина нысандары мен мәдениет үйлері бар. Аудан билігі олардың барлығын бірден газға ауыстыруға қаражат жетпейді, дейді. Сондықтан жылда 5-6 мекемеге қаржы бөліп, мәселені кезең-кезеңімен реттемек. Ал биыл тұрғын үйлердің жылу мәселесі шешілді.

Құлан ауылындағы мына көп қабатты 4 үй 50 жыл бұрын салынған. Сондан бері күрделі жөндеу көрмепті. Ал жылуды 200 мерт жердегі колледж қазандығынан алып отырған. Қазандық алыс болғандықтан, жылу толық жетпейтін. Мәселе биыл шешімін тапты. 60 миллион теңгеге модульді блок қазандығы орнатылып, 185 миллион теңгеге көп қабатты үйлер қайта жаңғыртудан өтті.

Нұргүл Төлбаева, Құлан ауылының тұрғыны:

- Қазандық орнатқалы бері үйіміз ташкент. Жақсы жылынып жатыр. Колледжден бөлек болып, біздікі бөлек болып қазандық орнатқалы бері жақсы жылу болып жатыр риза болып жатырмыз. Биыл шифер да ауысты төбесіндегі. Есігіміздің алды асфальтталып жақсы болып жатыр. Есік салып паровойды ремонттап бәрі подьездіміздің бәрі краскіленіп жаңа үй сияқты болды.

Ктм: Көмірмен жылитын білім ошағының бірі мына Б.Момышұлы атындағы орта мектеп. 640 оқушыға шақталған нысан 1972 жылы пайдалануға берілген. Мектеп директоры жылыту маусымына 400 тонна көмір жағамыз, — дейді.

Мақсат Исабаев, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры:

- 400 тоннаны әкелу, бірнеше үлкен жүк көліктері бірнеше мәрет келіп кетуі түсіруі оның бәрін мына жаққа жинастыру шын мәнінде үлкен жұмыстарды қажет етеді. Сондықтан мейлінше газ болған жақсы тиімді болып тұр. Ауа райы қаншалықты өзгерсе де жылуыды бірқалыпты ұстап тұрады. Сонымен қатар жаңағы тазалық жағынан да өте осы тиімді болып тұрады бізге.

Өткен жылы аудандағы 2 мектеп мен 4 мәдениет үйі газға қосылды. Жауаптылар енді бірінші кезекте қатты отын пайдаланып отырған 11 білім ошағын газдандырмақ.

Т.Рысқұлов аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және АЖ бөлімі басшысының м.а:

- 5 білім ошағына біз жобалық сметалық құжаттамасыгн жасадық. Салалық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім берілді облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін. Жалпы қажетті қаржы көлемі 450-500 млн теңге. Бөлінген жағдайда келесі жылға 5 білім ошағын газдандырамыз. Қалған ұйымдарды рет-ретімен бюджет қаражаты шеңберінде алда жоспарлап отырмыз.

Жалпы аудандағы 170 әлеуметтік нысанның 22-сі көмір қолданады. Оларды жылыту үшін биыл 2800 тонна көмір жеткізілді.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә