Қытай әлемдегі алғашқы атоммен жүретін контейнер тасымалдаушы кеме жасауды жоспарлап отыр. Балама энергия көздеріне көшу өзекті болып тұрған шақта, Цзяннань кеме жасау зауыты ядро энергиясын пайдаланатын жаңа өнімдерінің үлгісін таныстырды.
Жоспарланған контейнертасымалдаушылар шамамен 25 мың контейнерге дейін жүк тиеп, алыс сапарды жанармайға тәуелді болмай еңсере алады. Сарапшылардың айтуынша, жобаның нақты құрылысы алдағы он жыл ішінде басталуы мүмкін. Қытай бұл бағытқа алғашқылардың бірі болып кірісіп, теңіз логистикасын дамытуға ден қойды.