Елдің шығысында шаңғы маусымының шымылдырығы түрілді.

Өр Алтайдың ақ ұлпа баурайын бойлай қоныстанған аймақтағы ашылу салтанатына қазақстандықтармен қатар алыс-жақын шетелдерден мыңнан астам адам келді. Германия, Польша, Ресей және Қытайлық қонақтар қысқы туризмнің қызығын тамашалап, шаңғы трассасын сынап көрді. Айтайық, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысына 5 мыңнан астам турист келген. Келесі жылы да бұл көрсеткіш көбеймесе, азаймасы анық. Сала сарапшылары осылай дейді. Себебі сол қысқы маусымда қазақ туризімінің қауқары зор.

Сымбат Рамазанов, турист:

- Шығыс Қазақстанда қысқы туризм ауқымды дамып жатыр. Мен ойлаймын мына әлемдегі жеті ай бойы қыс жататын аймақтың бірі осы ШҚО. Сондықтан да шығыстағы туристік әлеует өте ауқымды. Биылғы қысқы туристік маусымның ашылуына шетелдік қонақтар Германиядан келген, Қытайдан келген. Осындай туристер өте қажет деп ойлаймын. Өйткені олар өздеріндегі жобаларды айтуы мүмкін. Бізде қандай минустар бар, қалай даму керектігін айту мүмкін секілді. Сондықтан осындай іс-шараларға халықаралық эскперттердің қатысуы, сонымен қатар туристердің қатысуы шараның маңыздылығын арттырып, оның әрі қарай дамуына септігін тигізеді.