АҚШ халқы импорттық тауарлардан бас тартып жатыр.
Президент Дональд Трамп баж салығын көтергеннен кейін, Қытай, Канада және Мексика өнімдерінің бағасы еселеп қымбаттады. Бұл қарапайым американдықтардың қалтасына салмақ салып отыр. Әсіресе азық-түлік пен жанар-жағармай бағасы күрт өскен. Сондықтан көбі көтерме сауда дүкендерінен сатып алып, үнемшілдікке көшті. Йель университеті жүргізген зерттеуге сай, тарифтер енгізілгеннен кейін сырттан келетін көкөністердің бағасы 5,4 пайызға өскен. Бұл тапқан табысының жартысынан көбін онсыз да тамаққа жұмсайтын америкалықтардың жағдайын одан бетер қиындатып жіберді, дейді сарапшылар.