АҚШ пен Орталық Азия байланысында Қазақстанның алар орны жыл өткен сайын бекіп, маңызы арта түсуде.
Біріккен ұлттар ұйымының Комтрейд дерегіне сүйенсек, былтыр аймақтан АҚШ-қа жөнелтілген экспорттың 97 пайызға жуығы Қазақстан үлесіне тиген. Бұл шамамен 2 млрд 400 миллион долларға тең сома. Салыстырмалы түрде алғанда, Өзбекстан экспорты бұл ретте 44 миллион долларды құраған. Сол сияқты Орта Азияға жеткізілетін америкалық тауарлар легінің 62 пайызы да елімізге тиесілі. Былтыр бұл бойынша импорт көлемі шамамен 1,1 млрд долларға жеткен. Бұдан бөлек, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы елдің жалпы сыртқы сауда құрылымында 2,3 пайыздан 3 пайызға дейін өскен. Өткен жылы бұл көрсеткіш рекордтық 4,2 млрд долларға жетіп, бес жыл ішінде екі есе артқан.