Іздеу ісі 2025 жылғы 1 қарашада тіркелген.

Белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға Қазақстанмен қатар Қырғызстан елі де іс қозғап, іздеу салып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында Дмитрий Биволдың бұрынғы жарына қатысты іздеу салу жөніндегі хабарлама жарияланған.

Ол жердегі мәліметке сәйкес Екатерина Бивол 1990 жылы 10 қаңтарда ТМД елдерінің бірінде дүниеге келген. Ұлты – орыс.

Іздеу ісі 2025 жылғы 1 қарашада тіркелген. Іздеу салған орган – ҚР Ішкі істер министрлігі, іздеумен Астана қаласының Байқоңыр аудандық полиция басқармасы айналысады.

Бивол