Oxford Economics Global Cities Index 2025 рейтингісі бойынша Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көрсеткіштері туралы Exclusive журналынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen .kz.
Алматы – 258-орында (Орталық Азиядағы ең жоғары нәтиже). Адами капитал бойынша – 64-орын, алайда экология мен басқару көрсеткіштері төмен. Орташа деңгейдегі жаһандық қала санатына кіреді, бірақ жаңғыртуды қажет етеді.
Астана – 276-орында. Экономика және адами капитал көрсеткіштері жақсы, бірақ басқару мен экология әлсіз. Зияткерлік әлеуеті жоғары «әкімшілік хаб» ретінде сипатталады.
Шымкент – 534-орында. Басқару мен экология бойынша көрсеткіштері нашар. Алайда адами капиталы жақсы (292), бұл – болашақ даму тұрғысында үміт күттіреді.
Қазақстанның бәсекелестері: Ташкент, Бішкек, Тбилиси (аймақта) және Мехико, Ханчжоу, Анкара, Бусан (әлемде). Алдағы 10-15 жылда осы қалалармен инвестиция, кадр және мәртебе үшін бәсеке күтіледі.