Облыс орталығындағы «Қорқыт ата» кітабының 1 300 жылдығына арнап орнатылған ескерткіш маңындағы саябақ қайта жаңғырды. Қызылорданың астана атанғанына 100 жыл толуына орай осыдан 23 жыл бұрын ашылған саябақ тұрғындар демалып, балалар ойнайтын қолайлы орынға айналды.

Саябақты жаңғыртқандар 38 828 шаршы метр аумақ абаттандырылғанын айтады. Қазір мұнда заманауи субұрқақтар, спорт, балалардың ойын алаңдары, серуен жолдары мен жарықшамдар орнатылған. Жайлы орындықтар, шағын сәулеттік нысандар қойылып, көгалдандыру, суару жүйесі жүргізілген.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында бастамаға жүздеген жан қатысып, қайта жаңғырған саябақ аумағына тал егіп, айналасын тазалады.

ҚЫЗЫЛОРДА