Білім ұялары Наурызбай, Медеу және Алатау аудандарында қолданысқа берілді.

Енді 8 мың бала оқуын жаңа ғимараттарда жалғастырады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған нысандардың ашылу салтанаты мен техникалық мүмкіндігі туралы Аршын Кемелжан айтып береді.

№221 жалпы білім беретін мектеп Шұғыла шағын ауданында пайдалануға берілді. Мұнда оқушылар озық үлгіде жабдықталған 125 кабинетте білім алады.

Арнагүл Мәлікова, №221 жалпы білім беретін мектеп директоры:

- Далада балаларға арналған үлкен спорттық алаңы, сонымен қатар үлкен теннисный корд бар бізде. Енді қәзіргі таңда мектепке 2500 бала келу керек, нақты қәзір біз 2100 бала қабылдап отырмыз. Осы екінші тоқсанда мектепте сабағымыз басталады.

Тұрсынай Мұратәлиева, ата-ана:

- Бұрындары алыс көлікпен алып баратынбыз. Қәзір үйдің жанында ғана жақын жерде орналасқаны өте бізге жақсы болып жатыр.

Жалпы Алматы тарихында биыл алғаш рет 24 мектеп ашылады. Оның 21-і «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Бұл болашаққа салынған инвестиция, дейді жауаптылар.

Баймұрат Жамбылов, "Amanat" партиясы Наурызбай аудандық филиалының төрағасы:

- Бұл іс-шара партияның сайлау алды бағдарламасында белгіленген әлеуметтік инфоқұрылымдарды дамыту және сапалы білімге қолджетілімсділікті арттыру жөнінде міндеттердің орындалуы болып табылады. Биылғы жаңа оқу жылының бірінші қыркүйегінде Алматы қаласында аманат партиясының сайлау алды бағдарламасы бойынша 12 мың оқушыға арналған 7 заманауи мектептер ашылған болатын.

Мегаполисті дамыту аясында бюджет есебінен 550 орындық тағы бір мектептің құрылысы қыза түсті. Оған қоса Алатау және Наурызбай ауданындарында жеке мектептерді сатып алу жоспарланған.

Аршын Кемелжан, Радик Жакупов