Қоғамда Талғат Байсуфинов жаттықтыратын футболдан ұлттық құраманың болашағы қызу талқыланып жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

“Бірінші бол” You Tube арнасында спорт журналистері мен футбол сарапшылары ұлттық құраманың болашағаны қатысты пікір білдірді.

Ермұхамед Мәуленнің айтуынша Байфусиновтың жұмыс істеуіне жеткілікті түрде мүмкіндік берілмей жатқан көрінеді.

”Талғат Маруаұлы “Мен Қазақстан ұлттық құрамасын тегін баптауға дайынмын. Түнгі сағат 3-те хабарлассаңдар да келемін” деп айтып тұр. Мысалы, қазір де келіп отыр. Әйтпесе, Ұлытауда жұмысы бар ғой. “Менің қолым бос емес, қазір қойдым” деп кетіп қалса, ештеңе де істей алмайсың. Келіп отыр. Қазақ футболына еңбегі сіңіп келе жатқан адам ғой. Ол кісі де біраз жетістіктермен қазақ футболының тарихында қалғысы келеді. Мүмкіндік бермейді.

Команда жақсы ойнап, нәтиже болып жатса, бәрі қатты ойнап, келгіштеп, “мені алсаңызшы” деп хабарласып кетеді. Бұрын мен Бахтиер Зайнутдиновтың “мен неғып құрамда жоқпын” деп айқайлағанын көргем. Талғат Маруаұлы екеуміз бір қонақ үйдің алдында алдап, құтылып кеткенбіз. Сол кезде Маруаұлы “көрдің ба, мыналар мені жеп қояйын деп жатыр деген”, — дейді ол.

Сондай-ақ, Ермұхамед Мәулен дәл қазіргі сәтте ұлттық құрамаға Маруаұлынан артық бапкер табылмайтынын да тілге тиек етті.

“Мен Талғат Байсуфиновты әрқашан қолдаймын. Жүрегі ақ, қазақ футболына адал азамат. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөйлейді. Футболшылардың тілін біледі. Қазақстандағы кез келген футболшы оны сыйлайды, құрметтейді. Мотиватор, сол кісіні сыйлағаннан кейін алаңға шығып, жанын салып ойнайды. Ең бастысы — сол. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жүз жерден Моуриньюды шақырғанмен, Маруаұлына жетпейді. Осыны білетін, түсінетін кез келді, ағайын”, — дейді журналист.

Еске сала кетейік, Талғат Байсуфинов 2025 жылдың 9 қазанында Әли Әлиев отставкаға кеткеннен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы ретінде тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен екі ойын өткізген ұлттық құрама Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата ұтса, Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті.