Нақты айтсақ, бірқатар аймақта баспана сатып алуға белгіленген шекті баға көлемі ұлғайтылды.
Енді Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы баспананың ең жоғары құны 30 млн теңгеге дейін көтеріледі. Ал Қарағанды қаласында 25 млн теңгеге, өзге өңірлерде 20 млн теңгеге дейінгі бағаға үй сатып алуға болады. Одан бөлек, қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін кепілгерді тартуға мүмкіндік беріледі. Жаңа қаулыға сәйкес, кредиттік өтінімді қарау кезінде қарыз алушының кірісі тоқтаусыз жүруі шарт.