Әлемдегі ең кедей 26 елдің қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті.

Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, олардың сыртқы берешегі 8,8 трлн АҚШ доллары. Мұндай көрсеткіш кейінгі 18 жылда тіркелмеген. Бұл елдерде халықтың жылдық табысы жан басына шаққанда 1145 доллар. Бұл біздің ақшамен 618 мың теңге. Орташа айлық 51 мың теңге. Халықаралық талап бойынша, кедей адамдар санатына күніне 1000 теңгеден артық жұмсай алмайтын отбасылар жатады. БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, әлемде осындай 700 млн адам бар. Әсіресе, Оңтүстік Судан, Орталық Африка мемлекеті, Сомали, Йеменде жағдай қиын. Халықаралық қауымдастық әсіресе Ауғанстандағы ахуалға алаңдаулы. Мұнда 8 жыл ішінде кедейлер саны шамамен 5,5 млн адамға көбейген. Сөйтіп 35 млн халықтың үштен екісі кедейліктің қамытын киюге мәжбүр.