Бірнеше айлық үзілістен кейін БҰҰ-ның атом энергетикасы агенттігінің инспекторлары Иранға қайта оралды, деп хабарлайды 24kz.

Олар Бушер атом электр станциясында жанармай ауыстыруды бақылаумен ғана айналысады. Бұл шешімді Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі бекіткен. Ұлыбританиялық The Guardian басылымының мәліметінше, парламенттегі бірқатар депутаттар бұл қадамды заңға қайшы деп бағалаған. Шілдеде қабылданған заң бойынша инспекторлардың толық қайтуына рұқсат берілмеуі тиіс еді. Алайда МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси инспекторлардың Иранға келгенін растады. Бірақ олардың бомбаланған нысандарға баруына рұқсат жоқ.