Бүгінде көптеген адам үшін үй, техника, көлік сатып алу немесе күтпеген жағдайларда қаржы табудың қолжетімді тәсілі кредит алу болып отыр. Алайда кредит тегін ақша емес. Қанша алған болсаңыз да, уақыт өте келе оған пайыз қосылып, бәрібір қайтару керек. Егер кредитке арқа сүйеп жүрсеңіз, отбасы бюджетін дұрыс басқару үшін борыш жүктемесін есептеуді және оны азайтуды «білген абзал».