Бүгінгі таңда Қазақстан тиімді инвестициялар үшін бірегей мүмкіндіктер мен зор əлеуетке ие. Елде саяси тұрақтылық сақталған, сондай-ақ инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыруға қолайлы ахуал қалыптасқан. Бұл туралы Moody’s, Standard & Poor’s жəне Fitch халықаралық рейтинг агенттіктері жазды. Мемлекет басшысы инвестиция тарту жəне инвесторлар үшін жағдайды жақсарту мəселелеріне айрықша көңіл бөліп отыр. Соған сəйкес, 2029 жылға дейінгі «инвестициялық саясат» тұжырымдамасы қабылданды. Құжатқа сəйкес, 2029 жылға дейін негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 23%-ға дейін арттыру, оның ішінде сыртқы инвестициялар үлесін 30%-ға дейін жеткізу жəне 150 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту жопары тұр. Президент тек капитал тарту емес, сонымен бірге оны экономикаға тиімді енгізу міндетін қойды.
Айбар Олжай, экономист:
Енді бізге өндірістік өңдеу жəне логистикалық инвестициялар келуі тиіс. Өйткені біз шикізаттық циклды аяқтаған сияқтымыз. Бірақ сонымен қатар бізге барлау жұмыстары бойынша жəне жаңадан ашылған бағыт – бұл сирек кездесетін металдар бойынша инвестициялар күтіледі. Сондықтан инвестицияның бəрін бізге инвестициялық капиталға тартқан дұрыс.
А.Балтанова, Ж.Өтеулі