Елде 9 жылу-электр орталығы «қызылдан» «сары» деңгейге өтті, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің сөзіне сүйенсек, биыл 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Бұл жұмыс нәтиже берді. ЖЭО-ның орташа тозуы ел бойынша 61%-ке дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО «қызыл» тәуекел аймағынан «сарыға», 3 ЖЭО «сарыдан» «жасыл» аймаққа көшті.