Үндістанмен текетіресте Пәкістан әскері зор шығынға батты , деп хабарлайды 24kz.

Исламабад мамырдың басындағы бірнеше күндік қақтығыста 3,5 миллиард долларлық әскери техникасынан айырылған. Екінші тараптың шығыны туралы мәлімет жоқ.

Сәуірдің соңында екі ел арасындағы жағдай күрт ушығып кеткен еді. Осыдан кейін тараптар бірін бірі әуеден соққылап, шекарада атыс ашқан. 10 мамырда екі жақ атыс-шабысты тоқтатуға уағдаласып, сол уақыттан бері бітімді ұзартып келеді.