Ұлы Абайдың тойын маңғыстау­лық­тар айрықша атап өтті. Семей жеріне аттанған делегация тойға шашу ретінде әрі Президент тап­сыр­­масын орындау мақсатында Дос­тық үйін салып беретінін жария етті. Ақынның мерейтойына ар­налған іс-шара аясында нысанның ірге­тасын қалау рәсімі де ұмыт қалмады.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басын қосатын 3 қабатты көпфункционалды мәдени кешен бірнеше блоктан тұрады. Кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы, фотозертхана, көркемөнер және қалпына келтіру шеберханалары, кинозал, конференция залдары қарастырылады.

Абай облысының әкімі Берік Уәли ғимараттың ір­ге­­­­­тасын қалау рәсімінде Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын алғаш болып қолдаған Маң­ғыстау облысының халқы­на алғысын жеткізді.

– «Абайға құрмет» акциясы аясында маңғыстаулықтар­дың өңірімізге сыйлығы ретін­де Достық үйінің іргетасы қаланды. Достық үйі рәміз­дік мәні өте зор, екі өңірдің жалпыұлттық тұтастығын біл­дір­­мек­ші. Бүгінгі іс-шара еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Маңғыстау мен Абай облысы батыс пен шы­ғыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір еке­нін бүкіл Алаш жұртына көрсет­ті. Маңғыстау облысы азамат­тарының елдің сәлемін алып, Абай тойының үстінде құры­лысты бастауы үлкен құрметке лайық, – деді Берік Уәли.

Маңғыстау облысы деле­гациясының атынан мем­лекеттік қызмет саласының ардагері, Маңғыстау облы­сы­ның құрметті азаматы Д.Сейбағытов, Қоғамдық келі­сім орталығы-облыстық үйінің директоры Н.Шарова мен Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми сараптамалық тобының төр­ағасы А.Базенов Маңғыстау жұрт­шылығына өңір тұрғын­дары атынан алғыс айтты.

Осы сәтте Ақтау қаласында Абай Құнанбайұлының ескерт­­кішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Қатысушылар ақын шы­­ғар­­­­ма­шылығынан өлеңдер оқып, ұлы ойшылдың қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан айрықша үлесін еске алып, ақын шығармаларының құн­­­дылығын атап өтті.

Маңғыстау облысы