Дубай Instagram-ға ерекше көркем контент түсіруге арналған орын ретінде туристердің көңілінен шығады. Инфлюенсерлер , тревел-блогерлер және әдемі кадрлар жинағысы келетіндер әсерлі фото үшін әлемнің түкпір-түкпірінен осында ағылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дубайдағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттар мен шөлдер, яхталар мен шатыр астындағы саябақтардан түсірілген көріністер әлеуметтік желі трендтеріне сай және ең талғампаз оқырманның көзін сүйсінтеді. Ең әсем кадрлар жасауға болатын топ локацияларды қазақстандықтар назарына ұсынамыз.

Керемет көріністерге куә болуға мүмкіндік беретін шатырдағы бассейн

Басты және ескірмейтін трендтердің бірі – шатырдағы бассейндер. Онда салқын суға рахаттана түсіп, Дубайдың ең көрікті жерлерін биіктен тамашалауға болады. Мегаполисте мұндай орындар аз емес, алайда ең ерекшелері — зәулім ғимараттың 50-қабатындағы Aura Skypool Lounge; Palm Jumeirah пен Араб түбегі көрініп тұратын Atlantis The Royal қонақүйінің 22-қабатында орналасқан Cloud 22 инфинити-бассейні.

Тағы бір «инстаграмға арналған» бассейн — Address Sky View қонақүйінің 54-қабатында жасалған Alto 54. Онда кей тағамдар мен сусындар қолжетімді. Ал One&Only One Za’abeel қонақүйі ұсынған Tapasake бассейні БАӘ-дегі мейрамханасы бар, қаланың әдемі көрінісін тамашалауға болатын ең ұзын инфинити-бассейн саналады.

Шөл дала, шатырлар және күннің батуы

Фото: Дубай Туризм Департаменті

Шөл далаға саяхат жасау контент-жоспарға міндетті түрде енеді. Құмда сырғанауды қамтитын турлардан бөлек глэмпинг сынды табиғатта демалу форматы да танымал болып келе жатыр. Мәселен, шөл даланың нақ ортасынан орын тепкен Sonara Camp мейрамханасында ашық аспан астында ауқаттанып, түйелерге мініп, сэндордингтен ләззат алып, отты шоуларға куә болып, бүркітпен суретке түсуге болады.

Айта кету керек, шөл далада кешкіқұрым әдемі контент жасауға болады. Батып келе жатқан күн көріністерін немесе жұлдыздар астында әдемі суреттер түсіре аласыз.

Жоғарыдан көрініс: парашюттер мен тікұшақтар

Дубай – бұл құс ұшатын биіктіктен тамашалауға тұрарлық қала. Мұнда дәл сондай көріністен ләззат алуға болатын зәулім ғимараттар шатырынан бөлек басқа да тәсілдер жетерлік. Көздің жауын алатын әсерлі видеолар жасағысы келетіндер парашюттан секіруді таңдап жатады. Ондай белсенді демалысты ұнатпайтындар тікұшақ немесе гидроұшаққа міне алады.

Телефон не дронға түсірілген мұндай кадрлар, Palm Jumeirah, Burj Al Arab және жағалаулардағы әсем суреттер мен видеолардың қаралымы да мол болады.

Арт-кеңістіктер мен жарық инсталляциялары

AYA Universe
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Көрмелер мен интерактив шоулардан түсірілген контент те танымалдығы жөнінен қала көріністерінен қалысып тұрған жоқ. Туристер 12 тақырыптық аймаққа бөлінген, жарықтары, айналары, түтін мен лазер шоулары бар AYA Universe көңіл көтеру кешеніне барғанды ұнатады. Мұнда жарқырап тұрған бақта қыдырып, кемпірқосақ түстерінің бәрі бар өзендерден, төменнен жоғарыға қарай ағатын сарқырамадан және т.б. ләззат ала аласыз.

Цифрлық өнер театры (TODA) – ерекше видеолар түсіруге болатын тағы бір орын. Себебі мұнда керегелер мен едендердегі суреттер жанданады. Кешке қарай туристер Бурж-Халифадағы жарық шоуларын таспалауға асығады, әсіресе мұндай көріністер демалыс күндері ерекше тартымды болады: жарық, дыбыс және субұрқақтар қосылып, айрықша көрініс жасайды.

Яхталар және жағажай клубтары

Яхталар
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Суретке түсуге арналған қымбат яхталар Дубайдан басқа жерде барына сенуге қиын. Палубада би билеп видеоға түсіп, өзіңді шампан ұстаған демалыстағы миллионер сезіну – контентке арналған сценарийлер теңізге шыға сала ойға орала береді.

Ал Джумейра жағалауларында байдаркада есу – контентке динамика қосудың бірегей тәсілі. «Сән-салтанат» стиліндегі фотолар мен видеолар қажет болса, Kaimana Beach жағалауына барсаңыз болады, ал Ла-Мер ауданындағы жаңа жағажай кластері J1 Beach-тегі Gigi Dubai жағажай клубы стильді атмосферасымен, италиялық асханасымен, авторлық коктейльдерімен және көк теңіз көріністерімен жанды сүйсінтеді.

Түнгі Дубай

Түнгі Дубай
Фото: Дубай Туризм Департаменті

Кеш батқан кезде суретке түсе алмаймын деп уайымдамаңыз. Бұл уақытта қаланың көркі қыза түседі. Жарықтар мен неон тақтайшалардың арқасында суреттер мен видеолар да әдемірек шығады. Dubai Marina-ға қыдырып шықсаңыз, әсем кадрлар жасай аласыз. Жарықтандырылған қайықтармен серуендеген кезде суда әдемі бейнелер көрінеді. Дәл осы фонда естеліктерге толы суреттерге түсуге болады.

Ain Dubai шолу дөңгелегі де көруге тұрарлық, биіктен кадрлар түсіруге таптырмас орындардың бірі. Dubai Garden Glow саябағында да естен кетпестей серуендеп, суреттерді таспалай аласыз. Жануарлардың жанып тұрған мүсіндері және ерекше арт-нысандар суреттеріңіздің көркін келтіріп, түрлі ракурстар мен детальдарға мән беруге мүмкіндік береді.

Стильді орындар

Дубайға барған инфлюенсерлер мен туристер көрікті жерлерді суретке түсріп қана қоймайды, сондай-ақ оларды сәнді бейнелер түсіруге арналған фон ретінде қолдануға тырысады. Мұндай ең танымал жер Wings of Mexico мүсіні. Мұнда Burj Khalifa аясында «қанаттар» жанына тұрып, кадр алуға болады.

Сәнді сәулетінің арқасында Болашақ мұражайы да туристер арасында танымал. Көп жағдайда түсірілімдер Dubai Mall ішінде, әсіресе Fashion Avenue аймағында өтеді. Айналар, баспалдақтар, жалтыр тақталар маңындағы контент ерекше сәнді болып шығады.

Демалыстан айрықша контент

Демалыс пен Дубайдан айрықша контент түсіруді үйлестіру қиын емес. Бастысы, алдын ала баратын бағыттар мен бейнелерді ойластырып алу қажет. Осылайша бірнеше күн ішінде түрлі орындардан контент жинауға болады. Мегаполистің санқырлылығы сонша, тіпті кейде ойламаған жерлерден де керемет суреттер түсіруге болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз