Азия мен Еуропа арасындағы тарихи байланыс қашанда өзекті . Ол Абай заманында да, Алаш кезеңінде де, М.Әуезов әлемге танылған шақта да ділгір маңызды еді. Жалпы, Түркия – екі құр­­лықты жалғаған мәдениеті терең ел. Сон­дық­­тан әлемдік мәдени ықпал­дастықты арқау етіп түрлі шара өткізіп тұрады. «The Tourism Cartoon Competition» атты халықаралық карикатура байқауының кезекті маусымы қорытындыланды.

Аталған байқау туризмнің қоғамдағы рөлін, маңызын және заманауи мәселелерін карикатура арқылы бейнелеу мақсатын көздейді. Сатира мен юморды үйлестіре отырып, туристік тәжірибе мен саланың өзекті тақырыптарын көрсететін шығар­малар жоғары бағаланады.

Айта кетейік, байқауды Түркиядағы Анадолу универ­­ситеті, Туризм карикатуралары мұражайы және басқа да серіктес ұйымдардың қолдауымен ұйым­дастырылып отыр.

Еске салайық, аталған байқау «2024 жылы Ыстанбұлда турист болу» атты тақырыпта өткен еді. Қазақстанның белгілі суретші-карикатурисі Ғалым Смағұлұлы Fehmi Köfteoğlu атындағы арнайы жүлдеге ие болды», деген сүйінші хабарды естіп отырмыз.