Ертең елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады, деп хабарлайды 24kz.
Он жылда бір өткізілетін науқан ай бойы онлайн форматта жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова мәлімдеді. Яғни, Sanaq.gov.kz сайты арқылы 21 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен 279 мыңға жуық шаруа қожалықтары қамтылады. Сонымен қатар жеке кәсібі бар шаруалар де осы сайт арқылы санаққа қатыса алады. Осылайша, санақ елдің аграрлық саласы туралы нақты әрі өзекті деректерді жинауға мүмкіндік береді. Интернет байланысы нашар елді мекендердің әкімдіктерінде арнайы қызмет көрсету орны ашылған. Бұдан бөлек, 1446 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы тағы бар. Ал, қырқүйектің 20-ынан бастап арнайы сауалнама жүргізушілер бір ай бойы үй-үйді аралайды.
Әсел Шауенова, Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары:
- Санақтың нәтижелері кезең-кезеңмен жарияланатын болады. Алғашқы мәліметтер биыл желтоқсан айында беріледі. Ал қорытынды нәтижені келер жылы ұсысынамыз. Санақ барысында цифрлық шешімдер көптеп қолданылып отыр. Айта кетейік, санақта алынған мәліметтер тек статистикалық мақсатта ғана пайдаланылады. Бұл ақпараттар салық, құқық қорғау немесе басқа да мемлекеттік органдарға берілмейді.