Биыл Қостанай облысының жолдарын жөндеуге 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Бұл қаржы 1400 шақырым жолды жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 98 ауылда алғаш рет асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолағы салынады. Ал ең қымбат жобалар республикалық желілерге тиесілі.
Өңірде көпірлер қалпына келтіріліп, су өткізу құбырлары ауыстырылады. Барлық нысан қазан айына дейін тапсырылуы тиіс. Жолдың сапасын сақтау үшін облыс бойынша жүк көліктерінің салмағын өлшейтін 30 автоматты таразы қойылады.
Алмаз Есенжолов, облыстық Автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы:
- Өңірде көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері шілде айынан бастап рейдтік шаралар ұйымдастырып жатыр. Қазір олармен 13 ұйғарым шығып, 3,9 млн теңге айыппұл салынды.