Қытайдың солтүстігінде болған су тасқынынан екі адам опат болды.

Тағы екі тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Ел бойынша 17 өзен арнасынан тасыды. Осыған байланысты 11 провинцияда қолайсыз күн райына байланысты ескерту жарияланды. Әсіресе Миюнь ауданында рекордтық жауын-шашын мөлшері тіркеліп, 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Аймақта жолдар мен туристік нысандар уақытша жабылды. Ал Хубэй провинциясында шамамен 9 мың үй жарықсыз қалды. Синоптиктер Қытайдың көптеген өңірінде жаңбыр әлі жалғасатынын ескертеді.