Газа секторында 700 мыңға тарта оқушы биыл екінші жыл қатарынан мектеп бара алмай отыр. Бұл туралы ЮНИСЕФ қорының жаңа баяндамасында жазылған.
Жуырда жарияланған есепке сәйкес білім беру мекемелерінің кемінде 87%-ына қайтадан жұмыс істеуі үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуі қажет. 39 мың оқушы бітіру емтиханын тапсыра алмай, екінші жыл қатарынан жоғары оқу орнына тапсыра алмай отыр. Ресми дерекке сүйенсек, биыл қаңтар-ақпан айларындағы алты апталық бітім кезінде 600-ден астам уақытша оқу орны ашылып, шамамен 173 000 бала білім алу мүмкіндігіне ие болған. Алайда наурызда Израиль шабуылды қайта бастағаннан кейін 240-тан астам оқу орны жабылды.