Бүгін Шерзат Болаттың өліміне айыптау ісі бойынша кезекті отырыс өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Cот отырысы бүгін, 2025 жылы 23 мамырда сағат 10:40-та басталды.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Еске сала кетейік, Шерзат ісі бойынша 21 мамырдағы сот отырысына қатысушылар үзіліске шығып жатқанда әлдекімдердің күмәнді диалогы эфирден естіліп қалған еді. Осыған байланысты сот 22 мамырда жеке қаулы шығарды. Соттағы жұмбақ диалогты прокуратура тексереді.

Сондай-ақ бұған дейін осы іс бойынша күдіктілердің бет-жүзі эфирге шығып, видео желіде тарап кеткен еді. 22 мамырда аталған видеоның желіде таралуына қатысты қызметтік тексеріс нәтижесі жарияланды. Оған сәйкес сот қаулысымен соттың үш техникалық қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.