Астанадағы авиация базасында әскери қызметші жарақаттанып, медициналық мекемеге жедел жеткізілді.
Көмек көрсетілгенімен, науқастың жағдайы ауыр, бірақ бір қалыпты. Бұл жайлы Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Хабарламада, оқыс оқиғаға қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп делінген. Аталған фактінің мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.