Астанада «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты ән байқауы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Сайыс әртүрлі мамандық иелерінің арасында ұйымдастырылды. Тіпті қатысушылардың қатарында жұмысшы мамандық өкілдері де бар. Бір айға созылған өнер бәйгесінде 100-ге жуық жан бақ сынап, оқ бойы озық шыққан 15 өнерпаз ақтық кезеңге жолдама алған . Нәтижесінде бас жүлде және үздік үштік пен үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Оларға қаржылай сыйлықтар берілді.

Жаңабай Мейірманқұлов, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы:

- Қатысқан азаматтардың ішінде дәрігерлер бар, құқық қорғау қызметкерлері бар, оның ішінде энергетиктер, басқа да түрлі-түрлі сала өкілдері бар. Кейбір азаматтардың осындай сахнада өнер көрсету деген бала кездегі арманы болады. Сол арман орындалды деп ойлаймын.