ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында , сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалған ет комбинаттары Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында орналасқан.

Жақын арада өңірде киік санын реттеу жұмыстары басталады, жалпы киік басының 20 пайызын алу жоспарланып отыр, бұл — 460 мың жануар. Аулауға «Охотзоопромның» төрт бригадасы жауапты болмақ.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандартты бекітті. Біз консервілерді қайта өңдеп, оларды дүкендерде сата аламыз. Қажет процедуралар орындалды», — деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.