Жаздың екінші айының басында елімізде ауа райы қандай болатыны белгілі болды .
«Қазгидромет» 1-3 шілде аралығында Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Атмосфералық фронттармен бірге циклон еліміздің басым бөлігінде ауа райын анықтайды. Нәтижесінде найзағайлы жаңбыр жауады, 1 шілдеде-батыста және шығыста, 3 шілдеде- солтүстік-батыста нөсер жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Тек республиканың орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар батыс және оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауылдар болуы ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы оңтүстік-шығыста 35-39 градусқа дейін, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусқа дейін, оңтүстікте 40-44 градусқа дейін, ал 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градусқа дейін көтеріледі.
Астана
• 1 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан жел түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +26…+28°С.
• 2 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15°С, күндіз +28…+30°С.
• 3 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15°С, күндіз +31…+33°С.
Алматы
• 1 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +18…+20°С, күндіз +31…+33°С.
• 2 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс және шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С.
• 3 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс және шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +18…+20°С, күндіз қатты ыстық — +34…+36°С.
Шымкент
• 1 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +18…+20°С, күндіз +35…+37°С.
• 2 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс және шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде +19…+21°С, күндіз қатты ыстық — +38…+40°С.
• 3 шілде: Ауыс-күйлі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс және шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде +20…+22°С, күндіз қатты ыстық — +40…+42°С.