Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанова жайлы қауесет әлі де басылар емес. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, "Базар жоқ" театрының басшысы жас әйелмен көңіл жарастырған, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы тұста нумеролог Айнұр желідегі парақшасында жұлдызды жұпқа талдау жасады.
«Мөлдір Мұқанова – өзін толықтай еріне арнап, өз болмысын ұмытқан әйелдің жарқын үлгісі. Өкінішке қарай, мұндай тағдырдан көптеген әйелдер өтуде. Бұл – ішкі дағдарыс арқылы өмірді қайта құруға мәжбүрлейтін ауыр жағдай. Алдымен өзіңізді сүйіңіз, сол кезде әлем де сізді сүйетін болады», — деді сандар маманы.
Нумерологтың бұл тұжырымы желі қолданушыларының арасында түрлі пікір тудыруға себеп болды.
«Сіздер неге біреудің отбасына араласасыздар? Ол сіздерден кеңес сұрады ма?», «Мен Қызылорданың қызымын ғой, бұл әңгімені баяғыда, 10 жыл бұрын естігенмін», «Қабатов – өзінің талантымен шыққан бренд. Ол болмаса, Мөлдірді білмес едік», «Еркекке жастық болам десең, аяғыңмен сүртіп кетеді. Бәрін ұмытып», «20 жыл – аз уақыт емес. Бәрібір өкінеді. Балалар түгел әкесіне тартқан», «Еркекті сүй, түсін, сатқындық жасама – сонда ол саған қандай ақымақ болғаныңды көрсетеді», деді олар.