Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы станцияда тұрған LRT вагондарының суреттері жарияланды. Вагондардың сыртына граффити салынған.

Астана қаласындағы жеңіл рельсті транзит (ЛРТ) жүйесінің әлі іске қосылмаған вагондарына белгісіз біреулер сурет салып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында кінәлілер анықталып, жауапқа тартылады.

Астана ЛРТ жобасы елордадағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамаларды бірі болатын. Мұндай әрекеттер мемлекеттік мүлікке зиян келтіріп қана қоймай, жобаның іске асырылуына да кедергі жасайды.

– Автокөліктердің сыртқы бетіне рұқсатсыз граффити жағу фактісі тіркелді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көліктерге бояудың негізгі бояу қабатының тесіктеріне еніп кетуіне жол бермейтін арнайы қорғаныс қабаты жабылған, – деп хабарлады City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.

Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат жарияланады.