Бұрын биопсия, яғни денеден тін алып, зерттеу ауыр әрі жағымсыз ем-шара болатын. Сол үшін де көп адам тексеруден қашады. Ал Ұлыбритания ғалымдары биопсия жасаудың мүлде жаңа амалын ойлап тапты.

Енді арнайы наноинесі бар пластырь арқылы тексеруді ауыртпай әрі қауіпсіз жасауға болады. Бұл пластырь теріні тесіп, қажет тіннің кішкентай үлгісін алады. Ең бастысы, ешқандай ине, пышақ қажет емес. Ғалымдар технологияны операция кезінде де қолдануға болады дейді. Яғни ота жасап жатқан дәрігер бірден диагноз қойып, қажетті шешім қабылдай алады.