АҚШ билігі өз азаматтарын Израильден эвакуациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шешім бұған дейін АҚШ елшілігі өз азаматтарын елден эвакуациялауға немесе тікелей көмектесуге мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдегеніне қарамастан қабылданды. Тиісті мәлімдемені сәрсенбі күні АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Шұғыл хабарлама! Израильден кеткісі келетін АҚШ азаматтары. АҚШ елшілігі эвакуациялық рейстер мен круиздік кемелерді ұйымдастырып жатыр. Сіздерге Smart Traveler Enrollment Program (STEP) жүйесіне тіркелу қажет. Ақпарат қосымша беріледі, – деп жазды елші.
13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы операция бастағанын жариялады. Израиль Тегеранды жасырын әскери-ядролық бағдарлама жүргізіп жатыр деп айыптады.