Шығыс Қазақстан облысына барған туристтер QR кодты сканерлеу арқылы өздерінің қауіпсіз саяхатын қамтамасыз ете алады.

Себебі арнайы жүйе арқылы олардың бағыт-бағдарын құтқарушылар бақылап отырады. Бар болғаны смартфон арқылы арнайы кодты сканерлеп, бірнеше сауалға жауап беру қажет. Тауда оқыс жағдайға душар болса немесе орманда адасып кетсе, туристерге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары дереу көмекке келеді. Бағдарлама 4 тілде жұмыс істеп тұр.

Арман Наурызбаев, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:

- Ол туристарға уақыттарын 1-2 минут алады. Онда оңай бес сұрақ қойылады, құтқарушыларға ол төтенше жағдай кезінде туристерді тез табуды оңайлатады. Өйткені онда аты-жөні, қанша адам, қай маршрутпен және мобильдік номерлері жазылады.