Қарағандылық эндоскопист дәрігер Индира Хамитова, медицинаның бүгінгі жетістігі — науқастар үшін түрлі диагностика, операция бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл жүргізілетінін айтады. Маман көрсетіп тұрған құрылғы біздің ел үшін таңсық дүние емес. Өйткені өзге мемлекеттерде бар жаңашылдықтар көп ұзамай Қазақстанда да пайда болады. Ең бастысы науқастар еш қиналмайды. Медицинаның дамуына басты көмек — озық технология. Қазір дәрігерлер науқастың ауруын түрлі құралдар арқылы анықтайды. Заман озған сайын техниканың да неше атасы өндіріліп жатыр. Бастысы адамның игілігіне жұмыс істейді. Құрал-жабдықтар науқастың ішкі құрылысын, ондағы ауру-сырқауды анық көрсетеді .