Елордада бірнеше жасөспірім құрылыс алаңына заңсыз кіріп, сол маңда тұрған көліктердің үстіне секірген. Нәтижесінде бірнеше темір тұлпарға зақым келген. Қалалық полиция құқықбұзушылардың жеке басын анықтап, мән-жайды тексеруге кірісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, көліктер жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына тиесілі. Қазіргі таңда материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталған соң, кәмелетке толмағандардың ата-аналары заң алдында жауап беретін болады.
Сонымен қатар, балалардың әрекеті Астана әкімдігі жанындағы балалар құқығын қорғау комиссиясының қарауына жіберіледі.