Алматыда TikTok арқылы құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды. Қала бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Департаменті екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады.
Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойындарын ұйымдастырғаны анықталған. Жәбірленушілер ойынға қатысу үшін банк қосымшалары арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына ақша аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10 миллион теңгеден асады.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Қуан Нұрақын