Жамбыл облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты, абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Алматы – Ташкент" автожолының 553-шақырымында жолаушылар автобусы өртенген.
Өрт сөндірушілер келген кезде автобус тұрақта тұрған, алайда от көлік құралын тез шарпыған.
ТЖМ қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілген.
"Зардап шеккендер жоқ. Барлық 40 жолаушы жолай өтіп бара жатқан көлікпен жөнелтілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері қайғылы жағдайдың алдын алуға және жолдың қарқынды бөлігінде қауіпті жоюға мүмкіндік берді", — делінген хабарламада.