Ресейдің Брянск және Курск облыстарында жарылыстан екі көпір құлады . Оқиға жексенбіге қараған түні болған. Брянскіде көлік жүретін көпір теміржолға құлап, Мәскеуге бағыт алған жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен. Салдарынан 7 адам қаза тапты, 69 адам жараланған. Олардың 47-сі ауруханаға жеткізілді. Кейбіреуінің жағдайы мүшкіл.

Ал Курскіде жарылыстан көпір жүк тиелген тауар пойызымен қоса опырылған. Аталған екі облыс Украинамен шектеседі. Ресейдің Тергеу комитеті жарылыстарды террорлық акт деп таныды. Өңірде үш күн қаралы деп жарияланды.

Арай Төлегенқызы