Ақтауда балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарада адамдар кептеліп, балалар жоғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Lada.kz жазды.
Куәгерлер берген алдын ала ақпарат бойынша, жергілікті кәсіпкер балалар дүкенінің алдында тегін балмұздақ пен қант мақтасын таратқан, сондай-ақ бүлдіршіндерге ойын-сауық ұйымдастырған.
Бұл шараның арты кептеліс ұласты, дүкен алдында жиналған адамдар бір-бірін таптап кете жаздады.
Өкінішке қарай, мерекеде келеңсіз жайт та болып, балалар жоғалып кетті. Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмыс істеп жатыр.
Полиция департаментінің хабарламасына сай, кәсіпкер заңсыз шараны ұйымдастырғаныы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
"Бұл науқан алдын ала хабарландырусыз және жергілікті органмен келісілмей жасалған. Нәтижесінде көп адам жиналып, қоғамдық тәртіп бұзылды", — дейді шенеуніктер.
Дүкен қожайынына 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалады.