Алматыда қоғамдық орындар мен тарихи ескерткіштер аумағы тазартылды. Еріктілер Әліби Жангелдин ескерткішінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тұрғындар демалатын алаңдағы бұзылған орындықтарды жөндеп, бүлінген бөлшектерін ауыстырды. Жалпы қала бойынша өткізілген тарихи-мәдени мұраларды сақтау шараларына 1000-ға жуық ерікті атсалысқан . Акция «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында өткізіліп отыр.
Дидар Ділдәбек, «Amanat» партиясы Алматы қалалық «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы:
Осының алдында 28 гвардияшылар паркінде орналасқан обьектілерде тазалық жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Біздің вандализм бағытында іске асып жатқан жұмысымыздың бәрі тазалық жұмыстарымен, ескерткіштерді жақсы бір күйге келтіру мақсатында іске асып жатыр.
Қуан Нұрақын