Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы орташа баға шаршы метріне 549 мың теңге.

Ұлттық статистика бюросының қыркүйек айындағы дерегі осындай. Ең қымбат үйлердің үштігін әдеттегідей Астана, Алматы, Шымкент сынды мегаполистер иеленген. Олардан кейінгі орында баспананың әр шаршы метрі 504 мың теңге болатын Атырау тұр. Ал пәтерлер арзанға Түркістан, Көкшетау, Ақтөбеде сатып алуға болады. Бірақ ел бойынша ең төмен баға Оралда. Мұнда шаршы метрлер 299 мың теңгеден саудаланып жатыр.

Қазақстандағы тұрғын үйдің орташа бағасы

Қазақстан Республикасы – 549 366

Астана – 650 133

Алматы – 648 230

Шымкент – 515 346

Атырау –504 866

Семей – 465 441

Павлодар – 454 207

Ақтау – 445 933

Қонаев – 430 107

Қостанай – 420 711

Жезқазған – 397 692

Тараз – 396 414

Өскемен – 392 761

Қызылорда – 386 326

Талдықорған – 374 736

Қарағанды – 373 665

Петропавл – 359 794

Түркістан – 338 637

Көкшетау – 334 909

Ақтөбе – 313 978

Орал – 299 155