Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшыларға ірі халықаралық турнирлердегі жеңістер мен жүлделі орындар үшін берілетін қаржылай сыйақы мөлшерін бекітті, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Олимпиада ойындары

Ең үлкен сыйақы Олимпиада медальдарына қарастырылған:

  • Алтын медаль – 1500 айлық есептік көрсеткіш (5 898 000 теңге);
  • Күміс медаль – 1000 АЕК (3 932 000 теңге);
  • Қола медаль – 500 АЕК (1 966 000 теңге).

Жаттықтырушыларға сыйақы

Спортшылардың бапкерлері де сыйақы алады. Нәтижеге байланысты оларға 500-ден 1500 АЕК-ке дейін (1 966 000 – 5 898 000 теңге) төленеді.

Әлем және Азия чемпионаттары

  • Әлем чемпионаттарында жүлдегерлерге 200-ден 1000 АЕК-ке дейін (786 400 – 3 932 000 теңге) беріледі.
  • Азия чемпионаттарында 150-ден 750 АЕК-ке дейін (589 800 – 2 949 000 теңге) төленеді.

Бірыңғай стандарт

Енді барлық сыйақылар АЕК мөлшеріне байланысты есептеледі. Яғни, айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өзгерген сайын, сыйақы көлемі де соған қарай түзетіледі.

Бұған дейін министрлік Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшылар мен бапкерлерге сыйақы төленгенін хабарлаған еді. Ведомствоның дерегінше, барлығы 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға 372,6 миллион теңге берілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget